12 қыркүйектен бастап Листингілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібі жаңа редакцияда қолданысқа енгізіледі
/KASE, 08.09.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2022 жылдың 01 қыркүйегіндегі шешімімен KASE-нің жаңа редакциядағы "Листингілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібі" (тәртібі) ішкі құжаты бекітілді, ол 2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі:
Тәртіптің жаңа редакциясы оны "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес келтіру мақсатында әзірленді, оған сәйкес листингілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібін Биржаның атқарушы органы әзірлейді және бекітеді.
Аталған күннен бастап KASE Директорлар кеңесінің 2022 жылдың 06 қыркүйегіндегі шешімімен қолданыстағы редакциядағы Тәртіптің күші жойылды деп танылатын болады.
Түзетулер Листингілік ережелер мен "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес келтіру мақсатында енгізілді және мыналарды көздейді:
Жаңа редакциядағы тәртіп KASE интернет-сайтында толығырақ ("Листинг" бетбелгі) сілтемесі бойынша жарияланған.
[2022-09-08]