KZ
13 шілде 2025, 12:36
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.09.2022 17:06 #Нормативтік база

12 қыркүйектен бастап Листингілік қағидалар мен листингілік алымдардың мөлшерін, төлеу мерзімдері мен тәртібін айқындау ережелеріне түзетулер қолданысқа енгізіледі

/KASE, 08.09.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 06 қыркүйектегі шешімімен бекітілген:

- листинг ережелеріне № 5 өзгертулер мен толықтырулар;

- листингілік алымдардың мөлшерін, төлеу мерзімдері мен тәртібін айқындау ережелеріне (Ережелері) № 3 өзгеріс пен толықтыру.

Аталған түзетулер 2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Түзетулер Листингілік ережелер мен "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес келтіру мақсатында енгізілді және мыналарды көздейді:

Биржаның алдын ала қорытындысын алу рәсімі міндетті түрде емес, Эмитенттің қалауы бойынша жүзеге асырылатын болады, бұл ретте алдын ала қорытынды беру шарттары мен рәсімі өзгерген жоқ;

- алдын ала қорытынды алған кезде эмитенттің мемлекеттік емес облигацияларының шығару проспектісінің жобасына листинг комиссиясы ұсынған және биржаның ресми интернет-ресурсында жарияланған қосымша шектеулерді енгізу ұсынымдық сипатқа ие болады;

- ESG облигацияларын шығару шарттары мен тәртібі өзгерді;

- мұндай құжатты бекітуге уәкілетті Эмитент органы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, егер мұндай құжаттың болуы эмитентті заңды тұлға ретінде тіркеген елдің заңнамасына сәйкес міндетті болып табылса, барлық эмитенттер үшін міндетті болып табылатыны анықталған.;

- өзге де редакциялық және рәсімдік нақтылаулар енгізілді.

Листингілік ережелер мен ережелердің жаңартылған мәтіндері KASE интернет-сайтында толығырақ ("Листинг" бетбелгі). сілтемесі бойынша жарияланған.

[2022-09-08]