"Қазақстан Даму Банкі" АҚ KZ2C00008605 (BRKZb25) және KZ2C00008613 (BRKZb26) облигациялары KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

07.09.22 15:02
/KASE, 07.09.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2022 жылғы 07 қыркүйегіндегі шешімімен "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) келесі облигацияларын KASE ресми тізімінің негізгі алаңның "стандарт" санаты бойынша енгізілді: - KZ2C00008605 (1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 5 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда – саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталады; 30/360), облигациялардың түрі - "жасыл"; - KZ2C00008613 (1 000 теңге, 35,0 млрд теңге; 5 жыл, жартыжылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360). Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2022 жылдың 14 маусымындағы бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес "Қазақстан Даму Банкі" АҚ облигациялық бағдарламаларының шығарылымы аясында 50,0 млрд теңгеге тіркелген алтыншы болып табылады. Аталған акциялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. "Қазақстан Даму Банкі" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға қысқартылған белгі (сауда коды) BRKZb25 және BRKZb26 берілді. Аталған облигацияларды шығару туралы толық ақпарат Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады. [2022-09-07]