Бүгін Қазақстан қор биржасында "ОнлайнКазФинанс" Шағын қаржы ұйымы ЖШС KZ2P00008584 (MFOKb4) 13 000 облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

07.09.22 09:15
/KASE, 07.09.22/ – Бүгін, бұрын хабарлағандай, Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде "ОнлайнКазФинанс" Шағын қаржы ұйымы ЖШС (Алматы) KZ2P00008584 (KASE балама сауда-саттық алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb4) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттармен арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар өткізілетіні туралы хабарлайды (Нұр- Сұлтан уақытымен). ------------------------------------------------------------------ Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар ISIN: KZ2P00008584 KASE сауда-саттық коды: MFOKb4 Номиналдық құны, теңге: 100,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 15 000 000 – орналастырылған: 9 578 500 Айналыста болудың басталуы: 17.06.22 Айналыста болу мерзімі: 16.06.23 Купон мөлшерлемесі 17.06.23 Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 4 рет Айналым мерзімі: 360 күн Купон төлеуді бастау күні: 2022 жылдың 17 қыркүйегі және 17 желтоқсаны, 2023 жылдың 17 наурызы және 17 маусымы Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------- ---------------------------- Сауда-саттық күні: 07.09.22 Өтеуге дейінгі мерзімі: 280 күн Жарияланған орналастыру көлемі 2 000 000 Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: таза бағасы Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:30–14:30 Өтінімдерді растау уақыты: 10:30–14:30 Кесім уақыты: 15:00 (Т+0) Төлем уақыты: 07.09.22, 15:00 Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімді бағаға тең немесе кесімдеу бағасынан төмен өтінімдер кесімделеді Өтінімдер бағасына қатысты шектелімді кесімдеу бағасы бойынша өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: қарсылама өтінімдер қабылдау уақыты бойынша Сауда-саттық бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ ------------------------------------------------------------------ Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен облигациялардың (жинақталған сыйақыны қоспағанда) "таза" бағасы көрсетілуге тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде облигациялардың саны данамен көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың мөлшеріне тең немесе еселі болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) көбейтіндісі көрсетілуге тиіс) Мәміленің көлемі http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf сілтемесі бойынша жарияланған, Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 4 тарауына сәйкес есептеледі. Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатушы кестеде көрсетілген төлем уақытына "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-дағы өз шотында бағалы қағаздардың болуын қамтамасыз етуге міндетті. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімді KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағидасы https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf мекен-жайда жарияланған. Аталмыш облигациялардың толық шығарылымы туралы ақпаратпен https://kase.kz/ru/bonds/show/MFOKb4 мекен-жайында танысуға болады. [2022-09-07]