KZ
4 шілде 2025, 07:06
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.08.2022 19:22 #Сауда-саттық ақпараты

Қазақстанның Қаржы министрлігі 10 тамыз күні Қазақстан қор биржасында 37,6 млн МЕУКАМ-120 14-ші шығарылымын (KZKD00000782, MUM120_0014) жылдық 14,20 % -бен орналастырды

/KASE, 10.08.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде 2022 жылдың 10 тамызында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру және қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтың екі сессиясы өткізілгені туралы хабарлайды (Нұр-Сұлтан қ. уақыты).

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТЫ:

----------------------------------------------- -----------------------------
Сауда-саттық күні:                              10.08.22                     
Өтеуге дейінгі мерзімі:                         2,0 жыл (716 күн)            
Орналастырудың жарияланған көлемі, дана:        30 000,0                     
Сауда-саттық заты:                              "таза" баға                  
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі,%: 70                           
Өтінім беру тәсілі:                             жабық                        
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                    09:00–11:00                  
Өтінімдерді растау уақыты:                      09:00–11:00                  
Кесім уақыты:                                   10.08.22, 15:00              
Төлеу күні және уақыты:                         12.08.22                     
Шектелімді қарсылама өтінімдерді                Сауда-клирингілік жүйелерінде
қанағаттандыру тәсілі:                          сауда-саттық өткізу әдістері 
                                                туралы Ереженің 28-бабы      
                                                6-тармағына сәйкес           
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:    шектелімді қарама-қайшы      
                                                өтінімдердің бағасы бойынша, 
                                                кесімдеу бағасына тең немесе 
                                                сатушы үшін тиімдірек болып  
                                                табылатын баға бойынша       
                                                                             
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:      орташа сараланған бағасы     
                                                бойынша                      
-----------------------------------------------------------------------------

Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 15:30-дан 16: 00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде төменде келтірілген шарттарда көрсетілген облигацияларды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті.

ҚОСЫМША ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТЫ:

----------------------------------------------- ----------------------------
Сауда-саттық күні:                              10.08.22                    
Өтеуге дейінгі мерзімі:                         2,0 жыл (716 күн)           
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге:   15 000,0                    
Сауда-саттық заты:                              "таза бағасы                
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі,%: 0                           
Өтінім беру тәсілі:                             жабық                       
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                    15:30–16:00                 
Өтінімдерді растау уақыты:                      15:30–16:00                 
Кесім уақыты:                                   17:00 (Т+0) дейін           
Төлеу күні және уақыты:                         12.08.22                    
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдіcі:    кесімдеу бағасына тең немесе
                                                сатушы үшін неғұрлым        
                                                ұтымдырақ болатын шектелімді
                                                қарсылама өтінімдердің      
                                                бағалары бойынша            
----------------------------------------------------------------------------

ОРНАЛАСТЫРУ КЕЗІНДЕГІ СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРІ:

------------------------------------------------------- -------------------
Қатысушылар саны:                                       7                  
Берілген өтінімдер саны (барлығы /белсенді):            18 / 17            
оның ішінде:                                                               
– шектеулі:                                             17 / 16            
– нарықтық:                                             1 / 1              
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:                  25 878,8           
оның ішінде:                                                               
– шектеулі:                                             25 678,8           
– нарықтық:                                             200,0              
Ұсынымға сұраным, %:                                    97,9 %             
Берілген өтінімдер бойынша "таза" бағасы, номиналдан % (барлық / белсенді):
– минималды                                             85,8552            
– максималды                                            88,5838            
– орташа сараланған                                     88,0057            
Берілген өтінімдер бойынша кірістілігі, жылдық % (барлық / белсенді):      
– минималды                                             14,1200            
– максималды                                            16,0000            
– орташа сараланған                                     14,5102            
 ------------------------------------------------------- -------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа
   қатысушылармен жойылмаған, соның ішінде Растау жүйесінің                
   қатысушыларымен расталған, өтінімдер.                                   

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне 96,0 %, брокерлік-дилерлік ұйымдарға – 1,2 %, өзге институционалдық инвесторларға – 2,8 % тиесілі болды.

---------------------------------------------------------------------------
ҚОСЫМША ОРНАЛАСТЫРУДАҒЫ СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                              
-------------------------------------------------------- ------------------
Қатысушылар саны:                                        2                 
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді):            2 / 2             
Белсенді өтінімдердің көлемі*, млн теңге:                17 394,7          
Ұсынымға сұраным:                                        130,9 %           
---------------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа
   қатысушылармен жойылмаған, соның ішінде Растау жүйесінің                
   қатысушыларымен расталған, өтінімдер.                                   

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемі институционалдық инвесторлардың үлесіне келді.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

---------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,        37 599 987      
облигациялар:                                                  
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге: 33 309 879 207,8
Қанағаттандырылған өтінімдердің саны:          15              
Өтінімдерің қанағаттандырылған қатысушылардың  8               
саны                                                           
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,        125,3           
жоспардан %:                                                   
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,        76,7            
сұранымнан %:                                                  
Қанағаттандырылған өтінімдердің "таза" бағасы, номиналдан %:   
– минималды                                    88,3168         
– максималды                                   88,5838         
– орташа сараланған                            88,4713         
Сатып алушы үшін облигациялардың өтеу кірістілігі, жылдық %:   
– минималды                                    14,1200         
– максималды                                   14,3000         
– орташа сараланған                            14,1980         
---------------------------------------------------------------

Инвесторлардың негізгі санаттары тұрғысынан орналастыру кезінде 45,2% банктердің үлесіне, 0,9% – брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне, 53,9% – басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне келді.

Бұрын жүргізілген орналастыруды ескере отырып, 14 шығарылымның МЕУКАМ-120 толық көлемі (KZKD00000782, MUM120_0014) 57 365 987 000 теңге номиналды құн сомасына 57 365 987 облигацияны құрады.

Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 схемасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі аукционда сатылған МЕКАМ KASE қайталама нарығында кестеде көрсетілген сауда-саттық кодымен мәмілелер бойынша міндеттемелер орындалған күннен кейінгі келесі жұмыс күні айналысқа жіберілетін болады. Бұл ретте облигациялар KASE сауда- саттық жүйесінде таза бағаларда бағалануы тиіс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығару, орналастыру, айналысқа шығару, оларға қызмет көрсету және өтеу қағидалары толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелері толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған

[2022-08-10]