10 тамызда KASE-де есептесуі 12 тамызда болатын МЕККАМ-12 151-ші шығарылымын (KZK100000274, MKM012_0151) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті
/KASE, 10.08.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесулері 12 тамызда болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕККАМ-12 151-ші шығарылымын (KZK100000274, MKM012_0151) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша номиналдан 87,3362 % (кірістілігі – жылдық 14,50%) кесімді бағасы бойынша жалпы 17 006 001 500 теңге сомаға өтінімдерді қанағаттандырды.
KASE деректері бойынша сұраным ұсынымнан 3,7 есе қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 14 852 395 482,0 теңгені құрады.
Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
"Бүгін Қазақстан қор биржасында есеп айырысуы 12 тамызда болатын МЕККАМ-12 151-ші шығарылымын (KZK100000274, MKM012_0151) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланды.
[2022-08-10]