"Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ Қазақстан қор биржасына Қазақстанның өңдеуші салалары мен қызмет көрсету аясының желтоқсан айына PMI индексін ұсынды

10.08.22 15:06
/KASE, 10.08.22/ – "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) Қазақстанның өңдеуші салалары мен қызмет көрсету аясының 2021 жылдың шілде айына Purchasing Managers' Index (PMI) индекстерін Биржаға ұсынды. Төменде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ басқарушы серіктесі және инвестициялық директоры Авар Үшбаевтың түсініктемелері келтірілген. * Қазақстанның өңдеуші салаларының индексі бойынша: "Шілде айында біз Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінен тағы да жақсы жаңалықтар алдық: жаңа тапсырыстар көлемі қарқынды ұлғаюда, бұл жұмыс орындарының жедел құрылуына және шикізат пен материалдарды сатып алу көлемінің тағы бір рекордтық өсуіне әкелді. Кәсіпорындар тап болған негізгі міндет – логистикалық үзілістер мен баға қысымының сақталуы аясында сұранысты қанағаттандыру, соның салдарынан өндіріс көлемі аз ғана өсуді көрсетті. Шілде айында өндірушілер қорларды пайдалану арқылы сұранысты қанағаттандыра алды, алайда кейбір компаниялар барлық қорларды сатқанын ескере отырып, келесі айда негізгі міндет сұранысты қанағаттандыру үшін өндірісті ұлғайту болады". * Қазақстанның қызмет көрсету саласының индексі бойынша: "Ағымдағы есептік кезеңде Қазақстанның қызмет көрсету саласы Экономикадағы тұрақтану жағдайында жақсы өсім көрсетті. Тұтынушылық сұраныстың күшеюі және жаңа келісімшарттар жасасу іскерлік белсенділік пен жаңа тапсырыстардың рекордтық жоғары өсуіне әкелді. Соған қарамастан, Ресейге салынған санкциялар мен инфляциялық қысымның күшеюі алдағы айларда одан әрі табысқа кедергі келтіруі мүмкін қиындықтар туғызуда. Сондай-ақ, қосымша тәуекелдер тудыратын теңгенің девальвациясын атап өткен жөн. Қалай болғанда да, қазіргі өсу оптимизм деңгейінің жоғарылауына әкелді. Компаниялардың күту деңгейі ақпан айынан бастап ең жоғары деңгейге көтерілді: олар өнімділіктің одан әрі өсуіне үміттенеді". Шолулар KASE сайтында жарияланған: - https://kase.kz/ru/pmi-indicator/ – орыс тілінде; - https://kase.kz/en/pmi-indicator/ – ағылшын тілінде. [2022-08-10]