10 тамыздан бастап Starbucks Corporation US8552441094 (SBUX_KZ) жай акцияларымен KASE сауда-саттық уақытша тоқтатылды
/KASE, 09.08.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 10 тамызынан бастап Starbucks Corporation (АҚШ) US8552441094 ("KASE Global" секторы, SBUX_KZ) жай акцияларымен KASE сауда-саттығы уақытша тоқтатылды.
Бұл ретте, 2022 жылдың 09 тамызынан бастап аталған облигациялардың KASE сауда-саттығы 2022 жылдың 12 тамызына және одан кейінгі күндерге есеп айырысу күні келетін сауда-саттық режимдерінде тоқтатылды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, KASE көрсетілген акциялар бойынша 1-ге 5 коэффициентімен сплит тіркелгені және жарияланған және орналастырылған акциялардың саны туралы мәліметтерді жаңарту қажеттілігіне байланысты тоқтатылды.
[2022-08-09]