KZ
5 шілде 2025, 22:26
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.08.2022 17:14 #Сауда-саттық ақпараты

03 тамызда KASE-де есептесуі 05 тамызда болатын МЕУКАМ-156 бесінші шығарылымын (KZKD00000758, MUM156_0005) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

/KASE, 03.08.22/ / – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесулері 03 тамызда болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-156 бесінші шығарылымын KZKD00000758, MUM156_0005) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша номиналдан 78,3593 % (кірістілігі – жылдық 13,85%) кесімді бағасы бойынша жалпы 1 100 000 000 теңге сомаға өтінімдерді қанағаттандырды.

KASE деректері бойынша сұраным ұсынымнан 80,5 % қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 872 223 550,0 теңгені құрады.

Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

"Бүгін Қазақстан қор биржасында есеп айырысуы 05 тамызда болатын МЕУКАМ-156 бесінші шығарылымын (KZKD00000758, MUM156_0005) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланды.

[2022-08-03]