АНОНС: 17 тамызда "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ-ның 2022 жылдың бірінші және екінші тоқсанындағы қаржылық нәтижелерін жариялау жөніндегі конференциясы өтеді
/KASE, 03.08.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) 2022 жылдың 02 тамызындағы ақпараттық хабарламасын Биржаға ұсынып, келесіні хабарлады:
цитатаның басы
2022 жылдың 17 тамызында Лондон уақыты бойынша сағат 14:00-де/Алматы уақыты бойынша сағат 19:00-де "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" Акционерлік қоғамы (Халық Банкі) (Лондон қор биржасындағы Тикер: HSBK; Қазақстан қор биржасында: HSBK, HSBKd; Astana International Exchange: HSBK, HSBK.Y) 2022 жылдың 1 жартыжылдығы мен 2 тоқсанындағы аудиттелмеген шоғырландырылған қаржылық нәтижелерді жариялау бойынша талдаушылар мен инвесторлар үшін Банктің топ-менеджментімен ZOOM конференциясын өткізетін болады. 2022 жылдың 1 жартыжылдығы мен 2 тоқсанындағы аудиттелмеген шоғырландырылған қаржылық нәтижелер 2022 жылдың 16 тамызында жарияланады.
Презентацияның онлайн-трансляциясына тіркелгеннен кейін Zoom сілтемесі бойынша қосылуға болады.
цитатаның соңы
Ақпараттық хабарламаның толық нұсқасы:
[2022-08-03]