Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
KASE Басқармасы "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ KZ2C00008662 (FIVEb3) облигацияларын KASE ресми тізімінің "коммерциялық облигациялар" санатына енгізуге келісім берді
/KASE, 02.08.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2022 жылдың 01 тамызындағы шешімімен "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ (Алматы) KZ2C00008662 (100 теңге, 100,0 млн теңге; 12 ай; тоқсандық купон, жылдық 15,00 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің балама алаңының "коммерциялық облигациялар" санатына енгізуге келісім берілді:
KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталмыш облигацияларға FIVEb3 қысқартылған белгілері (сауда-саттық коды) берілді.
Аталған облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат KASE Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-сайтында жарияланатын болады.
[2022-08-02]