"СевКазЭнерго" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
26.07.22 12:22
/KASE, 26.07.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "СевКазЭнерго" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 150 000 000 дана;
- компанияның 143 863 799 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "ОРТА-АЗИЯЛЫҚ ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОРПОРАЦИЯ" АҚ
болып табылады.
[2022-07-26]