Еуразиялық даму банкі KZ2D00007663 (EABRb14) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
22.07.22 09:56
/KASE, 22.07.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың
22 шілдесінен бастап Еуразиялық даму банкі KZ2D00007663
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb14;
1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 23.07.21 – 22.07.22; actual/365) дисконттық
облигациялары айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды.
Аталған облигациялар 2021 жылдың 21 шілдесінен бастап KASE ресми
тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санатына
енгізілді. Олардың сауда-саттықтары 2021 жылдың 10 тамызынан бастап
ашылған.
[2022-07-22]