"ҚазАгроФинанс" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
21.07.22 16:08
/KASE, 21.07.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "ҚазАгроФинанс" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді
көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 82 837 204 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып
табылады.
[2022-07-21]