/KASE, 07.07.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесулері 11 шілдеде
болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ
мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-144 үшінші шығарылымын
(KZKD00000378, MUM144_0003) орналастыру бойынша мамандандырылған
қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша
номиналдан 93,4921 % (кірістілігі – жылдық 14,50%) кесімді бағасы бойынша
жалпы 23 057 124 000 теңге сомаға өтінімдерді қанағаттандырды.
KASE деректері бойынша сұраным ұсынымнан 93,0 %, қанағаттандырылған
өтінімдер көлемі 21 811 178 504,7 теңгені құрады.
Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық
жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген
жаңалықтар кейінірек жарияланады.
"Бүгін Қазақстан қор биржасында есеп айырысуы 11 шілдеде болатын
МЕУКАМ-144 үшінші шығарылымын (KZKD00000378, MUM144_0003)
орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық
өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/ru/news/show/1484907/ сілтемесі бойынша жарияланды.
[2022-07-07]