KZ
9 мамыр 2025, 17:13
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.07.2022 15:36 #Бағалы қағаздар

07 шілдеден бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында US0231351067 (AMZN_KZ) Amazon.com, Inc. жай акцияларының жарияланған және орналастырылған саны туралы ақпарат өзгертіледі және сауда-саттық жаңартылды

/KASE, 05.07.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2022 жылдың 07 шілдесінден бастап KASE сауда-саттық жүйесінде және деректер базасында US0231351067 ("KASE Global" секторы, AMZN_KZ) Amazon.com, Inc. (АҚШ) жай акциялары бойынша 20 к 1 коэффициентімен жүргізілген сплитке байланысты, келесі ақпаратты өзгерту туралы шешім қабылдады:

- жарияланған жай акциялардың саны 507 147 620-ден 10 174 409 620 данаға;

- орналастырылған жай акциялардың саны 436 058 372 -8 865 075 018 данаға.

2022 жылдың 07 шілдесінен бастап KASE-де 2022 жылдың 25 мамырынан бастап тоқтатылған аталған акциялардың сауда-саттығы қайта жандандырылатын болады.

Бұрын осы тақырып бойынша KASE-нің 2022 жылдың 20 мамырындағы жаңалықтары жарияланған болатын "25 маусымнан бастап KASE-де Amazon.com, Inc." – (US0231351067 (AMZN_KZ) жай акцияларымен сауда- саттық тоқтатылды." – толығырақ

[2022-07-05]