Қазақстанның қаржы министрлігі 29 маусым күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-72 13-ші шығарылымын (KZKD00001145, MUM072_0013) орналастырып, 10,8 млрд теңге тартты
/KASE, 01.07.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылдың 29 маусымында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-72 13-шығарылымын (KZKD00001145, MUM072_0013) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2022 жылдың 01 шілдесінде облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 10 821 952 300,0 теңгені құрады.
KASE " Қазақстанның қаржы министрлігі 29 маусымда Қазақстан қор биржасында 12,0 млн МЕУКАМ-72 13 шығарылымын (KZKD00001145, MUM072_0013) орташа сараланған өтеуге кірістілігі жылдық 13,62 %-бен орналастырды" жаңалығы KASE интернет-сайтында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланды.
[2022-07-01]