05 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында Verizon Communications Inc. US92343V1044 (VZ_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

01.07.22 17:01
/KASE, 01.07.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 05 шілдесінен бастап Verizon Communications Inc. (АҚШ) ("KASE Global" секторы, VZ_KZ) US92343V1044 жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатыны туралы хабарлайды. Бұл ретте, 2022 жылдың 04 шілдесінен бастап KASE-де көрсетілген акциялардың сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 08 шілдесіне және одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде тоқтатыла тұрады. "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, KASE 2022 жылдың 08 шілдесінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін тізілімді тіркеуді жүзеге асыратыны туралы ақпараттың болуына байланысты сауда-саттық тоқтатыла тұрады. [2022-07-01]