29 маусымда KASE-де есептесуі 01 шілдеде болатын МЕУКАМ-72 13-ші шығарылымын (KZKD00001145, MUM072_0013) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті
/KASE, 29.06.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесулері 01 шілдеде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-72 13-ші шығарылымын (KZKD00001145, MUM072_0013) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша номиналдан 88,9639 % (кірістілігі – жылдық 13,62%) кесімді бағасы бойынша жалпы 1 100 000 000 теңге сомаға өтінімдерді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза бағасы номиналдан 88,9696 % құрады (кірістілігі – жылдық 13,62%).
KASE деректері бойынша сұраным ұсынымнан 18,0 %, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 992 012 566,7 теңгені құрады.
Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE интернет-сайтында "Бүгін Қазақстан қор биржасында есеп айырысуы 01 шілдеде болатын МЕУКАМ-72 13-ші шығарылымын (KZKD00001145, MUM072_0013) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы толығырақ сілтемесі бойынша жарияланды.
[2022-06-29]