KZ
15 шілде 2025, 04:34
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.06.2022 17:40 #Қаржы құралдары

29 маусымнан бастап Америка Құрама Штаттары Қаржы министрлігінің US91282CCT62 (US_09_2408) және US912796N968 (US_10_2211) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

/KASE, 28.06.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2022 жылдың 29 маусымынан бастап шешімімен KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына Америка Құрама Штаттары Қаржы министрлігінің мынадай халықаралық облигациялары енгізілді:

  • US91282CCT62 ($83 876 214 400,00; 16.08.21 – 15.08.24, полугодовой купон, 0,375 % годовых; actual/actual) купондық облигациялары;
  • US912796N968 ($88 573 036 800,00; 04.11.21 – 03.11.22; actual/360) дисконттық облигациялары.

Көрсетілген облигацияларды жіберу бастамашысы Еуразиялық даму банкі болып табылады.

Көрсетілген облигацияларға тиісінше US_09_2408 және US_10_2211 қысқартылған белгілері (сауда кодтары) берілді.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланады.

[2022-06-28]