KASE 2022 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕ АЙЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТІЗІМІН ЖАСАДЫ

28.06.22 12:40
/KASE, 28.06.22 / – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес 2022 жылдың шілде айында Биржада айналысқа жіберілген акциялар, депозитарлық қолхаттар және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздар тізімдері) қалыптастырды. Бағалы қағаздардың тізімдері комитеттің индекстер мен индикаторлар бойынша 2022 жылдың 23 маусымындағы шешімімен бекітілген және KASE ішкі құжаттарының нормаларын олардағы бағалы қағаздарға қолдану мақсатында қалыптастырылған. 2022 жылдың 01 шілдесі мен 31 шілдесі аралығында әрекет ететін өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздар тізіміне 25 атаудағы бағалы қағаздар енгізілген. 2022 жылдың сәуірінде құрылған өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда, тізімге мыналар кірді: 1) Meta Platforms, Inc. US30303M1027 (сектор "KASE Global", FB_KZ) жай акциялары; 2) Intel Corporation US4581401001 (сектор "KASE Global", INTC_KZ) жай акциялары; 3) NVIDIA Corp. US67066G1040 (сектор "KASE Global", NVDA_KZ) жай акциялары; 4) Exxon Mobil Corporation US30231G1022 (сектор "KASE Global", XOM_KZ) жай акциялары. 2022 жылдың маусым айына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші кластағы тізімінен шығарылды: 1) "First Heartland Jysan Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" ИПИҚ KZPF00000132 (сектор "ценные бумаги инвестиционных фондов", FHJIag) пайлары ; 2) The Coca-Cola Company US1912161007 (сектор "KASE Global", KO_KZ) жай акциялары; 3) PayPal Holdings Inc. US70450Y1038 (сектор "KASE Global", PYPL_KZ) жай акциялары; 4) iShares Trust инвестициялық қоры шығарған, iShares Global Clean Energy ETF US4642882249 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары", US_ICLN) акциялары. 2022 жылдың маусым айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2022_july.pdf сілтемесі бойынша жарияланды. 2022 жылдың сәуір айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші сыныптарының бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2022_june.pdf сілтемесі бойынша жарияланды Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. [2022-06-28]