KZ
11 мамыр 2025, 12:59
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.06.2022 10:46 #Корпоративтік уақиғалар

"Көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны" АҚ 2021 жылға қаржылық есеп берушілігі бойынша аудиторлық есебі жарияланды

/KASE, 28.06.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны" АҚ (Алматы) 2021 жылға Компанияның қаржылық есеп берушілігі бойынша аудиторлық есепті KASE- ге берді.

2021 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгесі көрсетілмесе, мың теңгемен):

--------------------------------------------------------
                                     31.12.21   31.12.20
Көрсеткіш                                ж.б.       ж.б.
---------------------------------- ---------- ----------
Меншікті капитал                    2 892 690  2 521 541
Жиынтық активтер                   14 004 403 12 441 655
Жиынтық міндеттемелер              11 111 713  9 920 114
Сату көлемі                         5 092 905  3 002 755
Жалпы табыс                         1 150 908  1 052 205
Таза пайда (таза шығын)               371 149    349 443
Жай акцияның баланстық құны, теңге  13 530,84  11 800,10
ROA, %                                   2,65       2,81
ROE, %                                  12,83      13,86
ROS, %                                   7,29      11,64
--------------------------------------------------------

Компанияның 2021 жылғы қаржылық есеп берушілігінің аудитін "Grant Thornton" ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес қаржылық есеп берушілік барлық елеулі қатынастарда 2021 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны" АҚ қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС-ке сәйкес көрсетілген күні аяқталған жыл үшін ақша қаражатының қозғалысын анық көрсетеді.

Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды – толығырақ

[2022-06-28]