"Фридом Финанс" АҚ S&P Global Ratings агенттігі компанияның рейтингілік бағасын растағаны туралы хабарлады, болжам "Позитивті"

27.06.22 10:08
/KASE, 27.06.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) Биржаға былай деп хабарлады: цитатаның басы 2022 жылдың 23 маусымында S&P Global Ratings рейтингілік агенттігі "Фридом Финанс" АҚ ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелік рейтингтерін "B -/В" деңгейінде растады, сондай-ақ рейтингті төмендету мүмкіндігімен қайта қарауға тізімнен шығарды (Rating Watch Negative). Рейтинг бойынша болжам - "Позитивті". цитатаның соңы [2022-06-27]