"Кселл" АҚ Басқарма құрамының өзгергені туралы хабарлады

24.06.22 16:36
/KASE, 24.06.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кселл" АҚ (Алматы) 2022 жылдың 24 маусымдағы баспасөз мәлімдемесін KASE-ге ұсынды, онда мыналар хабарланады: цитатаның басы "Кселл" акционерлік қоғамы (бұдан әрі "Kcell" немесе "Компания") (KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы ұялы байланыстың жетекші операторларының бірі, өз акционерлері мен инвесторларын 2022 жылдың 23 маусымында Компанияның Директорлар кеңесі келесі шешімдерді қабылдағаны туралы хабардар етеді: 1. Кирилл Валерьевич Страшенко "Кселл" АҚ Бас техникалық директоры, Басқарма мүшесі лауазымына сайлансын. Өкілеттік мерзімі 2022 жылдың 23 маусымынан бастап 2023 жылдың 11 мамырына дейін қоса алғанда анықталсын; 2. Данияр Қадылханұлы Ыбыраев қауіпсіздік жөніндегі Бас директор, "Кселл"АҚ Басқарма мүшесі лауазымына сайлансын. Өкілеттік мерзімі 2022 жылдың 23 маусымынан бастап 2023 жылдың 11 мамырына дейін қоса алғанда анықталсын. "Кселл" АҚ Басқармасының өзгертілген құрамы: 1. Өзбеков Асхат Архатұлы – Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директор; 2. Харламов Юрий Евгеньевич – Басқарма төрағасының орынбасары, бас операциялық директор; 3. Аверченко Мария Витальевна – член Правления, Главный коммерческий директор; 4. Нұрпейісова Дина Қожахметқызы – Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры; 5. Үйсімбаев Азамат Дәулетұлы – Басқарма мүшесі, корпоративтік мәселелер жөніндегі Бас директор; 6. Страшенко Кирилл Валерьевич – Басқарма мүшесі, Бас техникалық директор; 7. Ыбыраев Данияр Кадылханұлы – Басқарма мүшесі, қауіпсіздік жөніндегі Бас директор. цитатаның соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы KASE интернет-сайтында орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_relizs_240622_1.pdf [2022-06-24]