KZ
22 сәуір 2025, 19:40
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.06.2022 09:40 #Қаржы құралдары

24 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында ConocoPhillips US20825C1045 (COP_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 21.06.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 24 маусымынан бастап ConocoPhillips (АҚШ) US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай акцияларымен KASE сауда-саттықтары тоқтатылатыны туралы хабарлайды.

Бұл ретте, 2022 жылдың 21 маусымынан бастап көрсетілген акциялардың KASE сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 28 маусымында және одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде тоқтатыла тұрады.

KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес сауда-саттық 2022 жылдың 28 маусымда аталған акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2022-06-21]