"KEGOC" АҚ KASE-де эмитент күнін өткізді

20.06.22 12:10
/KASE, 20.06.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "KEGOC" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2022 жылдың 17 маусымдағы баспасөз мәлімдемесін KASE-ге ұсынды, онда былай деп хабарланады: цитатаның басы "KEGOC" АҚ эмитент күнін гибридті форматта (онлайн-оффлайн) өткізді, оның барысында инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ өкілдері компания қызметінің нәтижелерімен, стратегиялық көрсеткіштердің орындалуымен, 2021 жылғы инвестициялық жобалардың іске асырылуымен танысты. Қаржы және есеп жөніндегі Басқарушы директор Айгүл Әкімбаева "KEGOC" АҚ жүйелік оператор ретінде Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесін басқару және елдің тұтынушыларын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша сапалы жұмысты жүзеге асыратынын атап өтті. Соңғы үш жылда өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өсуі байқалады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі 54,65 млрд.кВтс құрады. бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 18,4 %-ға артық. 2021 жылдың қорытындысы бойынша таза кіріс 52,6 млрд.теңгені құрады. цитатаның соңы Баспасөз мәлімдемесінің қазақ және орыс тілдеріндегі толық нұсқасы https://kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_reliz_170622_.pdf сілтемесі бойынша орналастырылған [2022-06-20]