"Қазақстан даму банкі" АҚ KZ2C00003903 (BRKZb9) облигациялары мерзімінен бұрын өтеуге байланысты KASE ресми тізімінен шығарылады

31.05.22 09:45
/KASE, 31.05.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2022 жылдың 31 мамырынан бастап "Қазақстан даму банкі" АҚ KZ2C00003903 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZb9; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 31.05.17 – 31.05.22; жартыжылдық купон, жылдық 10,50 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінен шығарылды. Аталған облигациялар 2017 жылдың 30 мамырынан бастап "квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатына жатады. Сауда-саттық 2017 жылдың 03 шілдесінен бастап ашылды. [2022-05-31]