01 МАУСЫМНАН БАСТАП KASE_BM* СЕРИЯЛЫ ИНДЕКСТЕРДІҢ ӨКІЛЕТТІ ТІЗІМІ 58 АТАУДАҒЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРДАН ТҰРАТЫН БОЛАДЫ

30.05.22 16:12
/KASE, 30.05.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) индекстері мен индикаторлары жөніндегі комитеті қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесіне (әдістеме) сәйкес 2022 жылдың 01 маусымынан бастап шешім қабылдады: 1) "Қазақстан Даму Банкі" АҚ KZ2C00004273 (BRKZb14); 2) "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ KZ2C00008217 (IDFRb4); 3) "KEGOC" АҚ KZ2C00006658 (KEGCb3); 4) "Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00007482 (KFUSb15); 5) "Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00008043 (KFUSb31)"; 6) "Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00008035 (KFUSb32); 7) "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00008506 (PRKRb8). Көрсетілген облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді. Әдістемеге сәйкес KASE үш айда бір рет қор нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілетті тізімдерді қайта қарайды: 1) негізгі сауда-саттық алаңы (KASE_BM сериясы*) – KASE_BMC таза бағалар индексі және KASE_BMY кірістілік индикаторы; 2) баламалы сауда-саттық алаңы (KASE_BA* сериясы) - KASE_BAC таза бағалар индексі және KASE_BAY кірістілік индикаторы. 2022 жылдың 01 маусымынан бастап KASE_BM * сериялы индикаторлардың өкілетті тізімі 63 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BA* сериялы индикаторлардың тізіміне енгізу үшін баламалы сауда- саттық алаңының облигациялары жоқ. Естеріңізге сала кетейік, KASE_BA* сериялы индикаторларды есептеу аталған индикаторларды есептеу үшін өкілдік іріктеудің болмауына байланысты 2018 жылдың 26 қаңтарынан бастап тоқтатылды, өйткені Әдістемеге сәйкес корпоративтік облигациялардың жалпы саны кемінде төрт болуы тиіс. Көрсетілген тізімдер KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/stock_market/kase_bonds/KASE_BMC/ сілтемесі бойынша көруге қолжетімді. Әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf сілтемесі бойынша қолжетімді. [2022-05-30]