25 мамыр күні Қазақстан есептесуі 20 мамырда болатын МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымын (KZKD00000899, MUM120_0017) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті
/KASE, 25.05.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының сауда жүйесінде (KASE) есептесуі 27 мамырда болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕУКАМ-120 мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерінің 17-шығарылымын (KZKD00000899, MUM120_0017) орналастыру бойынша қайтадан мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент кесімдеу бағасын номиналдан 84,3265 % деңгейінде (кірістілік – жылдық 13,65%) белгілеп, номиналды құны бойынша 200 000 000 теңге жалпы сомасына өтінімді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза бағасы номиналдан 84,4014 %– ды құрады (кірістілік – жылдық 13,62 %).
KASE деректері бойынша ұсынысқа сұраныс 1,7 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 172 852 800,0 теңгені құрады.
Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 15:30-дан 16: 00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде аталған бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
"Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 27 мамырда болатын МЕУКАМ-120 17-шығарылымын (KZKD00000899, MUM120_0017) орналастыруы бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттықтар өтеді" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында толығырақ бойынша жарияланды.
[2022-05-25]