25 мамыр күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 27 мамырда болатын МЕУКАМ-144 үшінші шығарылымын (KZKD00000378, MUM144_0003) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті
/KASE, 25.05.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының сауда жүйесінде (KASE) есептесуі 27 мамырда болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕУКАМ-144 мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерінің 52-ші шығарылымын (KZK200000687, MOM048_0052) орналастыру бойынша қайтадан мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент кесімдеу бағасын номиналдан 92,5873 % деңгейінде (кірістілік – жылдық 14,50 %) белгілеп, номиналды құны бойынша 22 951 387 000 теңге жалпы сомасына өтінімді қанағаттандырды.
KASE деректері бойынша ұсынысқа сұраныс 77,9 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 21 354 817 116,0 теңгені құрады.
Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 15:30-дан 16: 00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде аталған бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
"Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 27 мамырда болатын МЕУКАМ- 144 (KZKD00000899, MUM120_0017) үшінші шығарылымын орналастыруы бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттықтар өтеді" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланды.
[2022-05-25]