KZ
2 шілде 2025, 07:12
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.05.2022 16:59 #Сауда-саттық ақпараты

18 мамыр күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 20 мамырда болатын МЕУКАМ-144 үшінші шығарылымын (KZKD00000378, MUM144_0003) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

/KASE, 18.05.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының сауда жүйесінде (KASE) есептесуі 20 мамырда болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕУКАМ-144 мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерінің 52-ші шығарылымын (KZK200000687, MOM048_0052) орналастыру бойынша қайтадан мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент кесімдеу бағасын номиналдан 92,4457 % деңгейінде (кірістілік – жылдық 14,50 %) белгілеп, номиналды құны бойынша 12 395 974 000 теңге жалпы сомасына өтінімді қанағаттандырды.

KASE деректері бойынша ұсынысқа сұраныс 48,3 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 11 503 344 044,3 теңгені құрады.

Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 15:30-дан 16: 00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде аталған бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

"Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 20 мамырда болатын МЕУКАМ- 144 (KZKD00000899, MUM120_0017) үшінші шығарылымын орналастыруы бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттықтар өтеді" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланды.

[2022-05-18]