19 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Starbucks Corporation US8552441094 (SBUX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық қайта басталады

18.05.22 15:23
/KASE, 18.05.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 19 мамырынан бастап Starbucks Corporation (АҚШ) US8552441094 ("KASE Global" секторы, SBUX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық қайта басталатынын хабарлайды. Көрсетілген акциялардың KASE сауда-саттығы 2022 жылдың 11 мамырынан бастап көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін тізілімнің бекітілуіне байланысты тоқтатылды. Бұған дейін осы тақырып бойынша 2022 жылдың 04 мамырында KASE жаңалығы жарияланған болатын "11 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Starbucks Corporation (АҚШ) US8552441094 (SBUX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады."– https://kase.kz/ru/news/show/1481409/ [2022-05-18]