KZ
6 шілде 2025, 02:13
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.05.2022 17:50 #Қаржы құралдары

12 мамырдан бастап "Қазақстан Даму Банкі" АҚ XS2472852610 (BRKZe13) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

/KASE, 12.05.22/– Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2022 жылдың 15 сәуірінде "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) XS2472852610 ($500,0 млн, 12.05.22 – 12.05.25; жартыжылдық купон, купондық мөлшерлеме жылдық 5,75 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссиясының осы шешімі 2022 жылдың 12 мамырынан бастап күшіне енді.

Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталмыш облигацияларға BRKZe13 қысқартылған белгі (сауда-саттық коды) берілді.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланады – толығырақ

[2022-05-12]