KZ
9 мамыр 2025, 15:24
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
11.05.2022 18:37 #Корпоративтік уақиғалар

"Кселл" АҚ Басқарма құрамындағы өзгертулер туралы хабарлады

/KASE, 11.05.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кселл" АҚ (Алматы) келесі баспасөз хабарламасын ұсынды:

цитатаның басы

"Кселл" акционерлік қоғамы (бұдан әрі "Kcell" немесе "Компания") (KASE: KCEL) - Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы ұялы байланыстың жетекші операторларының бірі, өз акционерлері мен инвесторларын Kcell Директорлар кеңесінің Компания қызметінің тиімділігін арттыру шеңберінде және ағымдағы стратегиялық сын-қатерлерге жауап бере отырып, мынадай шешімдер қабылдағанын хабарлайды:

  • 1. Асхат Ахатұлы Өзбеков 2022 жылғы 11 мамырдан бастап "Кселл" АҚ Бас атқарушы директоры, Басқарма Төрағасы лауазымына сайлансын;
  • 2. Юрий Евгеньевич Харламов 2022 жылғы 11 мамырдан бастап "Кселл" АҚ Бас операциялық директоры, Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына сайлансын;
  • 3. "Кселл" АҚ Басқарма мүшесі, Бас техникалық директоры Асқар Әлібекұлы Есеркегеновтің өкілеттігі 2022 жылғы 27 сәуірден бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

"Кселл" АҚ Басқармасының өзгертілген құрамы:

  • 1. Өзбеков Асхат Ахатұлы - басқарма төрағасы, Бас атқарушы директор;
  • 2. Харламов Юрий Евгеньевич-Басқарма төрағасының орынбасары, бас операциялық директор;
  • 3. Аверченко Мария Витальевна-Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор;
  • 4. Нұрпейісова Дина Қожахметқызы-Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры;
  • 5. Үйсімбаев Азамат Дәулетұлы-Басқарма мүшесі, корпоративтік мәселелер жөніндегі Бас директор.

цитатаның соң Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы KASE интернет-сайтында – толығырақ жарияланған.

[2022-05-11]