"Альфа-Банк" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 05 мамырындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

11.05.22 10:27
/KASE, 11.05.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Альфа-Банк" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 05 мамырындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 548 400 000 дана; - банктің барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Банк ЦентрКредит" АҚ болып табылады. [2022-05-11]