11 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Starbucks Corporation US8552441094 (SBUX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
/KASE, 04.05.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 11 мамырынан бастап Starbucks Corporation (АҚШ) US8552441094 ("KASE Global" секторы, SBUX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұратыны туралы хабарлайды.
Бұл ретте, 2022 жылдың 04 мамырынан бастап көрсетілген акциялардың KASE сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 13 мамырына және одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде тоқтатыла тұрады.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2022 жылдың 13 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2022-05-04]