KZ
13 мамыр 2025, 13:52
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.04.2022 11:31 #Корпоративтік уақиғалар

"Кселл" АҚ 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларына қаржылық нәтижелерін хабарлады

/KASE, 28.04.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кселл" АҚ (Алматы) 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларына қызметінің нәтижелерін хабарлады:

цитатаның басы

Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші операторлардың бірі "Кселл" акционерлік қоғамы (бұдан әрі "Kcell" немесе "Компания") (KASE, AIX: KCELL) 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы аралық нәтижелерді жариялайды.

1-ші тоқсан

  • Сатудың таза көлемі 15,6% - ға өсіп, 50 893 млн.теңгені (44 016) құрады. Қызметтерді сатудан түскен табыс 11,2% - ға 39 815 млн.теңгеге дейін (35 802) өсті.
  • EBITDA көрсеткіші бір реттік шығындарды есептемегенде 11,6% - ға өсіп, 21 677 млн.теңгені құрады (19 421). EBITDA бойынша табыстылық 42,6% (44,1) құрады.
  • Операциялық пайда, біржолғы шығыстарды есепке алмағанда, 21,9% - ға 14 346 млн.теңгеге (11 770) дейін өсті.
  • Қаржыландыруға арналған таза шығындар 22,4% - ға 1 726 млн.теңгеге дейін (2 223) төмендеді.
  • Таза пайда 29,1% - ға өсіп, 9 232 млн.теңгені құрады (7 150).
  • CAPEX-тің сатылымға қатынасы 8,3% (6,3) құрады.
  • Абоненттік база 7 967 мың пайдаланушыны (8 053) құрады.

цитатаның соңы

Толық ақпарат KASE интернет-сайтында:

[2022-04-28]