2022 жылдың 18 сәуірінен 22 сәуіріне дейін "KASE Global" секторында акциялар сауда-саттығының көлемі 251,5 млн теңгені ($558,3 мың) құрады.

25.04.22 10:50
/KASE, 25.04.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 18 сәуірінен – 22 сәуіріне дейін "KASE Global" секторындағы акциялар сауда-саттығының нәтижелерін ұсынады. Аталған кезеңде "KASE Global" секторында шетелдік компаниялардың 4922 акциясымен жалпы сомасы 251,5 млн теңгеге немесе 558,3 мың долларға 506 мәміле жасалды. ------------------------------------------------------------------------- Ай ішіндегі Сауда- Сауда-саттық акция саттық көлемі, Мәмілелер саны, дана Акциялар бағасының өзгеруі, % коды USD саны, дана ------- ------------ -------------------- ---------- -------------------- CAT_KZ 270 756 1 1 200 -5,1 AMD_KZ 51 953 34 554 -5,3 AAPL_KZ 51 058 35 307 -2,1 NVDA_KZ 36 298 30 171 -8,2 FB_KZ 24 954 28 121 -12,4 T_KZ 19 834 48 999 -0,1 C_KZ 14 564 10 278 +0,6 CRM_KZ 13 465 8 71 -9,5 AAL_KZ 10 941 61 552 +6,2 MSFT_KZ 9 105 18 32 -2,1 XOM_KZ 7 968 30 92 -3,1 FTNT_KZ 8 056 2 24 -8,3 INTC_KZ 5 616 20 118 +1,9 TSLA_KZ 5 175 4 5 +2,0 KO_KZ 4 015 18 62 +0,4 PYPL_KZ 3 935 18 41 -15,9 BAC_KZ 3 248 37 84 0,0 MTB_KZ 3 116 4 19 +8,1 NFLX_KZ 2 765 5 7 -36,8 PFE_KZ 2 574 24 51 -9,4 SBUX_KZ 1 994 8 25 -2,0 MA_KZ 1 364 3 4 -1,9 COP_KZ 1 226 1 12 -5,3 F_KZ 949 42 58 -2,3 JPM_KZ 887 2 7 +0,5 FCX_KZ 676 6 13 -14,8 JNJ_KZ 541 1 3 +0,9 NKE_KZ 404 2 3 -3,3 MRNA_KZ 305 1 2 -15,2 VZ_KZ 217 2 4 -3,6 BA_KZ 182 1 1 -2,8 NEM_KZ 170 2 2 -12,1 ABT_KZ – – – +1,7 AEP_KZ – – – -1,8 AMZN_KZ – – – -4,8 MU_KZ – – – -1,0 QCOM_KZ – – – -3,0 BIIB_KZ – – – -1,2 M_KZ – – – -5,9 TWTR_KZ – – – +8,5 TXN_KZ – – – -0,2 UBER_KZ – – – -5,7 IBM_KZ – – – +9,2 ------- ------------ -------------------- ---------- -------------------- Барлығы 558 311 506 4 922 ------------------------------------------------------------------------- Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі келесі акцияларға келді: - US1491231015 (CAT_KZ) Caterpillar – жалпы сомасы 123,0 млн теңге немесе 270,8 мың долларға 1 мәміле; - U US0079031078 (AMD_KZ) Advanced Micro Devices, Inc. – жалпы сомасы 23,2 млн теңге немесе 52,0 мың долларға 34 мәміле; - US0378331005 (AAPL_KZ) Apple Inc. – жалпы сомасы 22,8 млн теңге немесе 51,1 долларға мыңға 35 мәміле; Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 20 сәуірден бастап KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына Airbus қарапайым акциялары енгізілген. Бұл KASE Басқармасының 2022 жылғы 17 ақпандағы шешімінің арқасында мүмкін болды, оған сәйкес "KASE Global" секторына бағалы қағаздарды жіберу мақсатында KASE мойындайтын биржалар тізбесі оған Euronext биржасын қосу жолымен кеңейтілді, ал биржалық индекстер тізбесі EURONEXT 100 Index индексін қосу есебінен кеңейтілді. Airbus акциялары "KASE Global" секторында саудаланатын алғашқы еуропалық компания болады, осы акциялар бойынша маркет-мейкердің міндеттерін "Еуразиялық Капитал"АҚ атқаратын болады. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта "KASE Global" секторында шетелдік эмитенттердің 43 бағалы қағаздарының сауда-саттығы ашылған. [2022-04-25]