19 мамырда "Кселл" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

20.04.22 12:22
/KASE, 20.04.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы), акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады: ... Қазақстандағы телекоммуникациялық нарықтағы көшбасшы операторы болып табылатын "Кселл" АҚ (әрі қарай "Kcell" немесе "Компания") (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), Компанияның Директорлар кеңесі 2022 жылдың 19 мамырында сағат 15:00-де (Алматы уақытымен) Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әлімжанов көшесі, 51 мекен-жайында акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы шешімін хабарлады. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу Алматы уақытымен 10:00-де. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы бетпе-бет жүздесу арқылы өткізіледі. Егер аталмыш жиналыс белгіленген күні өткізілмесе, онда 2022 жылдың 31 мамырына Алматы уақытымен сағат 11:00-ге ауыстырылады. Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға Орталық депозитарийде 2022 жылдың 19 сәуіріндегі (Алматы уақытымен сағат 00:00) жағдай бойынша бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінде акционер ретінде тіркелген акционерлердің құқығы бар. Жиналыс өтуі туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында: https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_special_shareholders_meeting_info_190522_2744.pdf [2022-04-20]