KZ
12 шілде 2025, 14:57
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.03.2022 18:51 #Қаржы құралдары

29 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында ConocoPhillips US20825C1045 (COP_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады

/KASE, 28.03.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 29 наурызынан бастап ConocoPhillips (АҚШ) US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай акцияларының KASE сауда-саттықтары уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды.

Бұл ретте, 2022 жылдың 29 наурызынан бастап көрсетілген акциялардың KASE сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 31 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде тоқтатыла тұрады.

KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сауда-саттық 2022 жылдың 31 наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2022-03-28]