29 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында ConocoPhillips US20825C1045 (COP_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады

28.03.22 18:51
/KASE, 28.03.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 29 наурызынан бастап ConocoPhillips (АҚШ) US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай акцияларының KASE сауда-саттықтары уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды. Бұл ретте, 2022 жылдың 29 наурызынан бастап көрсетілген акциялардың KASE сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 31 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде тоқтатыла тұрады. KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сауда-саттық 2022 жылдың 31 наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады. [2022-03-28]