"Фридом Финанс" АҚ Қазақстан қор биржасында алты атаулы жай акциялары бойынша KASE-дегі маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты

17.03.22 17:07
/KASE, 17.03.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2022 жылдың 18 наурызынан бастап "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) келесі жай акциялары бойынша KASE-дегі маркет-мейкер қызметін орындаудан босатылды: 1) IBM corp. US4592001014 («KASE Global» секторы, IBM_KZ); 2) NIKE, Inc. US6541061031 («KASE Global» секторы, NKE_KZ); 3) The Coca-Cola Companу US1912161007 («KASE Global» секторы, KO_KZ) ; 4) American Electric Power Company, Inc.US0255371017 («KASE Global» секторы, AEP_KZ) 5) Moderna US60770K1079 («KASE Global» секторы, MRNA_KZ); 6) American Airlines US02376R1023 («KASE Global» секторы, AAL_KZ). Осы шешім "Маркет-мейкерлер қыметінің ережелері" атты KASE ішкі құжатының 3 бабына сәйкес, маркет-мейкердің өз еркімен бас тартуы себебімен қабылданды. [2022-03-17]