"Фридом Финанс" АҚ Қазақстан қор биржасында алты атаулы жай акциялары бойынша KASE-дегі маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты
17.03.22 17:07
/KASE, 17.03.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды:
2022 жылдың 18 наурызынан бастап "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) келесі
жай акциялары бойынша KASE-дегі маркет-мейкер қызметін орындаудан
босатылды:
1) IBM corp. US4592001014 («KASE Global» секторы, IBM_KZ);
2) NIKE, Inc. US6541061031 («KASE Global» секторы, NKE_KZ);
3) The Coca-Cola Companу US1912161007 («KASE Global» секторы,
KO_KZ) ;
4) American Electric Power Company, Inc.US0255371017 («KASE Global»
секторы, AEP_KZ)
5) Moderna US60770K1079 («KASE Global» секторы, MRNA_KZ);
6) American Airlines US02376R1023 («KASE Global» секторы, AAL_KZ).
Осы шешім "Маркет-мейкерлер қыметінің ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 3 бабына сәйкес, маркет-мейкердің өз еркімен бас тартуы
себебімен қабылданды.
[2022-03-17]