"Қазақтелеком" АҚ 2021 жылға жұмыс қорытындысы туралы хабарлады

16.03.22 11:24
/KASE, 16.03.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2022 жылдың 16 наурызындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: ... «Қазақтелеком» АҚ 2021 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілігін жариялады, оған сәйкес еліміздің ірі байланыс операторының Компаниялар тобы өз қызметінің барлық негізгі қаржылық көрсеткіштері бойынша тағы да өсімге қол жеткізді. Атап айтқанда, 2021 жылы Топтың кірісі 13%-ға өсіп, 2020 жылғы 527 млрд теңгеге қарсы 594 млрд теңгені құрады, ал таза кіріс бір жыл ішінде 49%-дан астамға артып, 97 млрд теңгеден асты. Жарияланған құжатта атап өтілгендей, бұл нәтижелерге нарықтың барлық сегменттерінде компанияның көшбасшылық позициясын сақтауға бағытталған стратегияны жүзеге асыру арқылы қол жеткізілді. Сондай-ақ Топ ішіндегі әртүрлі активтердің, соның ішінде ұялы байланыс операторларының – «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС мен «Кселл» АҚ-ның синергетикасын барынша пайдалану туралы. Нәтижесінде өткен жылы топтың кірісі тіркелген және ұялы сегменттер бойынша өсті. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_relizs_160322.pdf [2022-03-16]