Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және "Қазақстан қор биржасы" АҚ бірлескен мәлімдемесі
28.02.22 09:36
/KASE, 28.02.22/ – Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-мен бірлесіп
теңге-АҚШ доллары жұбының сауда-саттық ережелерін өзгерту туралы
шешім қабылдады. Атап айтқанда, 28 ақпанда аукцион Франкфурт аукционы
форматында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де ашылады.
Бұл шаралар уақытша болып табылады, белгісіздіктің жоғары дәрежесін
және валюта нарығына және ел ішіндегі қаржылық тұрақтылыққа сыртқы
геосаяси жағдайлардың қысымын барынша азайту қажеттілігін көрсетеді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта сыртқы қаржы нарықтарындағы өте белгісіз
жағдайлардың өзгеруіне байланысты Ұлттық Банк «Қазақстан қор биржасы»
АҚ-мен бірлесіп 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-ге
дейін биржалық валюта саудасын толық тоқтату мәселесін қарастырды.
Теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша алдағы сауда режимі туралы
ақпарат ресми байланыс арналары арқылы уақтылы жеткізілетін болады.
[2022-02-28]