KZ
4 шілде 2025, 11:00
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.02.2022 12:03 #Корпоративтік уақиғалар

"Кселл" АҚ 2021 жылға қаржылық нәтижелерін хабарлады

/KASE, 21.02.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кселл" АҚ (Алматы) 2022 жылдың 21 ақпанындағы қызметінің нәтижелерін хабарлады:

цитатаның басы

Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші операторлардың бірі "Кселл" акционерлік қоғамы (бұдан әрі "Kcell" немесе "Компания") (KASE, AIX: KCELL) 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы аралық нәтижелерді жариялайды.

Үшінші тоқсан

  • Жалпы түсім 13,4 %-ға өсіп, 55 781 млн.теңгені (49 168) құрады. Сервистік түсім 9,7 %-ға 40 513 млн. теңгеге дейін өсті (36 927).
  • EBITDA көрсеткіші бір реттік шығындарды есептемегенде 7,8 %-ға өсіп, 20 768 млн.теңгені құрады (19 269). EBITDA бойынша рентабельділік 37,2% (39,2) құрады.
  • Операциялық пайда, біржолғы шығыстарды есепке алмағанда, 30,1 %-ға ұлғайып, 15 094 млн. теңгені (11 605) құрады.
  • Қаржыландыруға арналған таза шығындар 9,7 %-ға азайып, 2 056 млн. теңгені құрады (2 277).
  • Таза пайда 7 553 млн. теңгені құрады (84).
  • CAPEX-тің сатылымға арақатынасы 47,7% (40,0) құрады.
  • Бос ақша қаражатының ағыны 35,4% азайып, млн.теңгені 3 848 (5 960) құрады.

12 ай

  • Таза түсім 12,3 %-ға өсіп, 196 189 млн.теңгені құрады (174 684). Сервистік түсім 10,7 %-ға 155 054 млн. теңгеге дейін өсті (140 049).
  • EBITDA көрсеткіші бір жолғы шығындарды есептемегенде 14,1 %-ға 82 340 млн.теңгеге дейін (72 147) ұлғайды. EBITDA бойынша рентабельділік 42,0 % (41,3) құрады.
  • Операциялық пайда, біржолғы шығыстарды есепке алмағанда, 25,1 %-ға ұлғайып, 51 338 млн.теңгені (41 023) құрады.
  • Қаржыландыруға арналған таза шығындар 84,9 %-ға өсіп, 32 506 млн.теңгені (17 578) құрады.
  • Таза пайда 41,3 %-ға артып, 24 953 млн.теңгені құрады (17 662).
  • CAPEX-тің сатылымға арақатынасы 19,4 % (15,4) құрады.
  • Бос ақша қаражатының ағыны 48,6% ға ұлғайып, 42 895 млн.теңгені (28 865) құрады.
  • Абоненттік база 7 961 мың пайдаланушыны (8 055) құрады.

цитатаның соңы

Толық ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылды – толығырақ

[2022-02-21]