/ҚАЙТАЛАУ/ 03 ақпаннан бастап LLOYDS BANK PLC XS0474660676 (GB_LOYDe1) халықаралық облигацияларымен KASE сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады
03.02.22 09:39
/KASE, 03.02.22, 28.01.22 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) 2022 жылдың 03 ақпаннан бастап LLOYDS BANK PLC (Біріккен
Корольдігі, Лондон) XS0474660676 XS0474660676 (KASE негізгі алаңы,
"облигациялар" санаты, GB_LOYDe1; $2,0 млрд; мерзімсіз, айналым мерзімі
басталуы – 16.12.09; жартыжылдық купон, жылдық 12,00 %; 30/360)
халықаралық облигацияларының KASE сауда-саттығы уақытша тоқтатыла
тұратынын хабарлайды.
Бұл ретте, 2022 жылдың 28 қаңтарынан бастап көрсетілген
облигациялардың сауда-саттығы есеп айырысуы 2022 жылдың 03
ақпанында және одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық
тәртіптемелерінде тоқтатыла тұратын болады.
Тоқтата тұру 2022 жылдың 04 ақпанына жоспарланып отырған көрсетілген
облигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеуге байланысты жүзеге
асырылатын болады.
[2022-02-03]