KASE Басқармасы "Альфа-Банк" Еншілес Банкі" АҚ KZ2C00008431 (ALBNb6) облигацияларын баламалы сауда-саттық алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

01.02.22 18:17
/KASE, 01.02.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2022 жылдың 01 ақпанындағы шешімімен "Альфа-Банк" Еншілес Банкі" АҚ (Алматы) KZ2C00008431 (1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 360 күн; жылдық купон, жылдық 10,50 %; 30/360) дисконттық облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы сауда-саттық алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізілді. Басқарманың аталған шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға ALBNb6 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілген. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат басқарманың аталған шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады. [2022-02-01]