KASE Басқармасы "Альфа-Банк" Еншілес Банкі" АҚ KZ2C00008431 (ALBNb6) облигацияларын баламалы сауда-саттық алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады
01.02.22 18:17
/KASE, 01.02.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
2022 жылдың 01 ақпанындағы шешімімен "Альфа-Банк" Еншілес Банкі"
АҚ (Алматы) KZ2C00008431 (1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 360 күн; жылдық
купон, жылдық 10,50 %; 30/360) дисконттық облигациялары KASE ресми
тізіміне баламалы сауда-саттық алаңның "коммерциялық облигациялар"
санаты бойынша енгізілді.
Басқарманың аталған шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға ALBNb6 қысқартылған белгісі (сауда коды)
берілген.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
басқарманың аталған шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
сайтында жарияланатын болады.
[2022-02-01]