03 ақпаннан бастап LLOYDS BANK PLC XS0474660676 (GB_LOYDe1) халықаралық облигацияларымен KASE сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады
28.01.22 11:07
/KASE, 28.01.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 03 ақпаннан
бастап LLOYDS BANK PLC (Біріккен Корольдігі, Лондон) XS0474660676
XS0474660676 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, GB_LOYDe1;
$2,0 млрд; мерзімсіз, айналым мерзімі басталуы – 16.12.09; жартыжылдық
купон, жылдық 12,00 %; 30/360) халықаралық облигацияларының KASE
сауда-саттығы уақытша тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Бұл ретте, 2022 жылдың 28 қаңтарынан бастап көрсетілген
облигациялардың сауда-саттығы есеп айырысуы 2022 жылдың 03
ақпанында және одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық
тәртіптемелерінде тоқтатыла тұратын болады.
Тоқтата тұру 2022 жылдың 04 ақпанына жоспарланып отырған көрсетілген
облигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеуге байланысты жүзеге
асырылатын болады.
[2022-01-28]